Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көк туды қол орамал қылды": Түсіпбаева концертте ерсі қылық танытқан әншілерді кешіруге болмайтынын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева Алматыда өткен концертте халықтың алдында бейәдеп сөздер айтып, ерсі қылық танытқан жас әншілерге қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі оларды бұл әрекеттері үшін сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева аталмыш әншілерді жауапкершілікке тарту керектігін жеткізді. Ол орын алған даулы жағдай туралы өз ойын Instagram парақшасында айтқан.

"Киелі көк туымызды уқалап қол орамал қылды-ау. Аяққа таптап. Генадий Головкин ұлты өзге болса да, рингте ұлттық шапан киіп, көк туымызды желбіретіп, талай көзімізге жас келтіріп, жүрегімізді тебірентіп еді! Көк ту - мемлекеттік рәміз! Оны қорлауға жол жоқ! Заң бар. Бұл кім өзі? Аспандағы жұлдыз болса да, жауапқа тартылуы керек! Видеомен кешірім сұрағандар кешірілмесін", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырып, микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болғанын жазған едік.

Болған жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, туды немесе басқа да рәміздерді қорлағандарға жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Оған қоса, "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алматыдағы концертте болған жағдай үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971553-kok-tudy-qol-oramal-qyldy-tusipbaeva-koncertte-ersi-qylyq-tanytqan-ansilerdi-kesiruge-bolmaitynyn-aitty/

pixel