Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Дидар Кәден қызына ерекше есім берді

Опубликовано:

Дидар Кәден әйелімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Әнші әрі сазгер Дидар Кәден осыдан бірер апта бұрын дүние есігін ашқан қызына ерекше есім берді. Ол перзентіне қандай ат қойғанын әлеуметтік желіде жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дидар Кәден қызына Далила деген есім берген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.

Өнер иесі кішкентай қызының алғашқы суретін де жариялаған. Оған қоса әнші өз отбасына қатысты ерекше білезік жасатқанын айтты. Онда әртістің, әйелінің, қызының есімдері жазылғанын көруге болады.

Желі қолданушылары Дидар Кәденнің перзентіне таңдаған атына таңғалып, оған қатысты пікірлерін білдірген.

"Ерекше есім екен. Бірінші рет естіп тұрмын", "Қандай әдемі ат. Үлкен, ақылды, көрікті қыз боп өссін", "Сіздердің есімдеріңізден құралған секілді", "Бауы берік болсын. Далиланың өмірде жолы ашық болсын", "Балапаныңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер. Есімі өте ерекше екен", "Бұған дейін мұндай атты кездестірмеппін", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, Дидар Кәден өткен жылдың тамыз айында екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын. Сазгердің таңдауы Лейла есімді биші қызға түскен еді.

Кейіннен ол үйлену тойының суреттерін бөлісіп, сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді.

Ал 26 маусым күні ерлі-зайыпты қызды болғанын хабаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977788-ansi-didar-kaden-qyzyna-erekse-esim-berdi/

pixel