Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Төреғали Төреәліге қатысты іс қозғалды
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жас жігітті соққыға жыққаны туралы мәліметке қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды министрліктің ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"29 қыркүйек күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған.

Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 - бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетелік, Төреғали Төреәлінің Көлсайда төбелес шығарғанын "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі де растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990320-ansi-toregali-torealige-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel