"Күткеніме лайықсың": Тимур Балымбетов жұбайын мерейтоймен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Тимур Балымбетов
Тимур Балымбетов. Фото: instagram.com/balukz

Қазақстандық продюсер Тимур Балымбетов соңғы үш жыл ішіндегі отбасының ең әсерлі сәттерінен видео жариялады. Ол әйеліне оны сүюдің бақыт екенін мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің отбасымыздың құрылғанына үш жылдың жүзі толды. Үш жыл ішіндегі ең әсерлі сәттерді сіздерге 30 секундтық видеомен ұсынамын. Сен күткеніме лайықсың! Сені сүю - бақыт пен марапат. Бәрі енді басталып жатыр. Сүйемін.

Бақытымызға 3 жыл, 1095 күн, 26280 сағат, 1 576 800 минут", - деп жазды Балымбетов Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Балымбетовтің отбасына ақ тілектерін жаудырды.

"Ең әдемі жұпсыздар", "Ұлыңыздың осындай керемет отбасыда туылғанына қуанамын", "Отбасыңызға бақыт пен береке тілеймін", "Сіздерге Алла жар болсын", "Өте жарасымды жұпсыздар" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992028-kutkenime-laiyqsyn-timur-balymbetov-zubaiyn-mereitomen-erekse-quttyqtady-video/