Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің есімі Джеки Чан кітабының мұқабасына шықты (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген, Джеки Чан
Димаш Құдайберген, Джеки Чан. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген актер Джеки Чанды жаңа кітабының шығуымен құттықтады. Қазақстандық әнші кітап мұқабасына есімі жазылғанына да ризашылығын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Instagram парақшасында Джеки Чанға жазба арнады.

"Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз.

Сіздің "Авангард" фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992044-dimas-qudaibergennin-esimi-dzeki-can-kitabynyn-muqabasyna-syqty-foto/

pixel