Танымал өнер жұлдыздары президент сайлауында дауыс берді
Опубликовано:

Алматыда сайлау бөлімшесіне келген Халық әртісі Роза Рымбаева мен дизайнер Аида Қауменова президент сайлауына дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Роза Рымбаева сайлау бөлімшесіне ұлы Әли Оқаповпен бірге келген. Өз таңдауын жасап, дауыс бергеннен кейін әнші журналистердің сауалына жауап берді.

"Бүгін елімізде тарихи күн. Мен еліміздің басшысын сайлауға үлес қосу мақсатында дауыс беруге келдім. Мен дауыс беруге үнемі қатысамын және әріптестерім арасында дауыс беруге бірінші келетіндердің бірімін. Мен дауыс беруге міндеттімін деп ойлаймын", - деді Роза Рымбаева.
Ал дизайнер Аида Қауменова дауыс берген сайлау бөлімшесі №17 мектеп-лицейде орналасқан.

"Бүгін сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым. Қазақстан азаматы ретінде болашағымызды дамытуға дауыс беру арқылы үлес қосатынымды сездім", - дейді дизайнер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998012-tanymal-oner-zuldyzdary-prezident-sailauynda-dauys-berdi-foto/