Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропаға емделуге кеткен Жүрсін Ерман Женевадан сурет жолдады (фото)

Жарияланған күні:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

2022 жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат әлеуметтік желіге тарады. Кейін денсаулығы жақсарып, үйіне шыққан ақынның Еуропаға емделуге баратыны белгілі болған еді. Ал күні кеше Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақын Instagram парақшасына сурет жариялап, мекен-жайына Швейцарияның Женева қаласын белгілеп қойды.

Суреттен аурухана бөлмесінде жатқан айтыс ұйымдастырушысы мен жұбайын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын.

Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын. Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген.

Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Арада біраз уақыт өткенде айтыскер Марат Ахметов ұстазы Жүрсін Ерманның үйіне сауығып шыққанын айтып, жақсы жаңалықты желіде көпшілікпен бөлісті.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын.

"Менің Швейцарияда құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Сол кісі "Бізге кел, көрсетейік" деп клиника тапты. Қазір соңғы құжаттары дайындалып жатыр. Алыс сапарға шығу оңай емес, жалғыз бармайсың. Үй ішіммен, екі қызыммен, бәйбішеммен барайын деп отырмын", - деді Жүрсін Ерман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005083-europaga-emdeluge-ketken-zursin-erman-zenevadan-suret-zoldady-foto/