Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гонорары жоғары актриса Қарлығаш Мұхамеджанова жаңа фильмге түсу арқылы қанша табыс тапты

Опубликовано:

Қарлығаш Мұхамеджанова
Қарлығаш Мұхамеджанова. Фото: instagram.com/karlygashmuhamedzhanova

Қазақ киносының қоржыны "Сенбе" деп аталатын жаңа комедиялық туындымен толықты. Фильмнің тұсаукесерінде болған басты рөлдегі актерлар мен продюсерлік топ кинотуындыға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап берді.

Көрерменге жол тартқан "Сенбе" комедиясы түсірілім тобының тырнақалды туындысы.

"Бұл - біздің алғашқы еңбегіміз. Кино түсіру үлкен еңбек пен жігерді талап етеді. Бұған дейін отандық арналардың біріндегі телехикаяда жұмыс жасаған едім. Сол алаңда жиналған тәжірбиемді іске қосып, дебюттік фильм түсіруге тәуекел еттім", - дейді фильм продюсері Тұрсынай Қалдарханқызы.

Фильм түсіру қомақты қаржыны талап ететіні ешкімге жасырын емес. Осы ретте жаңа фильмнің продюсері туындының жарыққа шығуына қанша ақша жұмсағанын құпия ұстауды жөн көреді.

"Біздің киноиндустрия саласында "қаржылық құпия" деген ұстаным бар. Мен де сол үрдістен алыстамай, жұмсалған қаржыны жасырып қалғаным дұрыс болады," - деп қысқа жауап берді ол тілші сауалына.

Алайда фильмге аз ақша жұмсалмағанға ұқсайды. Себебі актерлік құрамның өзі бір төбе. Мысалы, фильмге гонорары жоғары актрисалардың бірі Қарлығаш Мұхамеджанова, фильмнің сапасына да, төленетін ақысына да ерекше мән беретін Жандос Айбасов, одан бөлек Бақытжан Әлпейісов секілді танымал тұлғалар түскен.

"Маған аз гонорар төлемеді. Ол гонорарды қайда жұмсағаным тура қазір есімде жоқ. Бірақ еңбегімді жақсы бағалады", - дейді Қарлығаш Мұхамеджанова.

Фильмде алаяқтың рөлін сомдаған Қарлығаш Мұхамеджанова бұл фильмнің орны бөлек екенін айтады. Актриса өз образы арқылы талай аңқау, сенгіш халыққа алаяқтардың шынайы бейнесін жеткізуге тырысыпты.

Фильмнің "Сенбе" деп аталуы да бекер емес.

"Біздің қоғамда алаяқтар өте көп. Аңғал халық қолындағы соңғы тиынын санап беріп, зар жылап жүрген сәттерін көп көреміз. Осы кинокартина арқылы кез келген адамға сене бермеу керегін, мұқият болу керегін, ал алаяқтарға адалдың наны тәтті екенін түсіндіруге тырыстық", - дейді фильм режиссері Данияр Амангелдиев.

Автор: Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016594-gonorary-zogary-aktrisa-qarlygas-muxamedzanova-zana-komediyalyq-filmge-tusu-arqyly-qansa-tabys-tapty/

pixel