Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін ата-анаға қызмет етуі керек": Мұхтар Ханзада қандай аруды жар етіп алғысы келетінін айтты

Опубликовано:

Мұхтар Ханзада
Мұхтар Ханзада. Фото: instagram.com/muhtar_hanzada

Той әншісі ретінде көпке танылған Мұхтар Ханзада соңғы кездері өнердегі әріптес қыз-келіншектердің өзінен жас жігітке күйеуге шығуына қатысты жеке пікірін білдірді. Әзірге бойдақтар қатарында жүрген әнші жігіт болашақта өзіне жар таңдауда неге мән беретінін KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында ашып айтты.

Мұхтар мырза, сұхбаттасудың сәті келгеніне ризамыз. Әңгімені шығармашылық жаңалықтан бастайықшы. Қандай сүйінші жаңалығыңыз бар?

"Жаңалық көп. Үлкен ізденісте жүрмін. Енді Мұхтар Ханзаданы көрермен басқа қырын көретін болады. Көбіне халық мені тойға арналған әндерім арқылы біледі. Алайда шығармашылығымда баяу, ретро әндерім де бар. Халық қандай әнмен шықсаң, сол қырыңнан танып қалады ғой. Енді басқаша қырымды ашпақшымын. Тек тойдың әншісі ретінде емес, жаңа бағытта да көрерменді қуантсам деген ниеттемін.

Ораза кезінде кей әріптесіңіз тойларға тегін барады екен. Сізде ондай акция жоқ па?

Мен тегін шықпаймын, өнер бағалануы керек. Өнер адамы халықтың ықыласымен өсіп, той иелері қолына ұстатқан ақысымен күн көреді. Әрине, қайырымдылық шаралар болса, тегін де шығатын сәттерім болады

Өнердегі қыз-келіншектердің жас жігіттерге тұрмысқа шығуына деген көзқарасыңызды білсек... Өзіңізден 10-14 жас үлкен қыз-келіншектерге үйлену туралы ойыңыз қандай?

Тағдыр кездестірсе 20-25 жас кіші болса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Жігітті сүйсе, жігіт сүйсе таңдағанын алады ғой. "Махаббат жасқа қарамайды" деген сөз бекер емес.

Болашақта өзіңізден жасы үлкен қызға үйленер ме едіңіз?

Оны Алла біледі. Сүйіп қалсам, жасқа да қарамайтын шығармын. Бірақ ең бастысы, өзіме адал жар, болашақ балаларыма дана ана, әулетіме сыйлы келін болатын аруды Алла бұйыртсын деп тілеймін.

Қазір көптеген психолог "Ата-анама келін керек деп қыз таңдау дұрыс емес. Бірінші өзіңізге жар іздеу керек" деген сөзді жиі айтуда. Сіз келісесіз бе?

Келін ата-анаға қызмет етуі керек. Бақытты ғұмыр кешу ата-анаға байланысты. Біз сол кісілердің тәрбиесін көргеннен соң, не айтса да сөздерінен аттамаймыз. "Өзім шешемін" деген көше тәрбиесі бізде жоқ. Оңтүстіктің балаларымыз ғой, ата-анаға құрметпен қараймыз.

Отбасын құрсаңыз жасырын ұстайсыз ба, сүйінші сұрайсыз ба?

Өнер адамының сыры болуы керек шығар. Біреулер отбасын, біреулер жан-жарын жасырады. Дүниені жасыра алмайсың, ол көрініп қалады. Ең басты нәрсе - ата-анамызды да көрсетіп қоямыз. Отбасымызды жасырсақ, тіл-көз деген бар ғой, көз тимесін дейміз.

Сұхбатқа арнайы уақыт бөліп, ой-пікір білдіргеніңізге көп рақмет айтамыз!

Автор: Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016622-kelin-ata-anaga-qyzmet-etui-kerek-muxtar-xanzada-qandai-arudy-zar-etip-algysy-keletinin-aitty/

pixel