Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрге мән бермейміз": Нұрболат Абдуллин әйелі екеуінің жас кезін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин көпшілікке әйелі екеуінің жас кезін көрсетті. Өнер иесі суретті Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғашықтар күні екен. Жұптарыңыз жазылмасын. Түрге мән бермейміз. Ол кезде "Қайта түсірші" деген жоқ. Телефонның жады аз еді", - деді Нұрболат Абдуллин.

Ал желі қолданушылары әншінің жыл өткен сайын сымбаты арта түскенін айтып, жарыса пікір қалдырды.

"Келіншегіңізді Ләйлә Сұлтанқызы деп ойладым", "Нұрболатты танымай қалдым", "Бақытты болыңыздар", "Сізді бойдақ деп ойлап жүрдім", "Келіншегіңіз өте сұлу екен", "Жарасымды жұп екенсіздер", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Нұрболат Абдуллиннің үшінші қызы дүниеге келді. Әнші мен жұбайы Гүлфарида бүгінгі таңда Шахназ және Табиғат, Минуар есімді қыздарды тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар Нұрболат Абдуллиннің жары әншімен қалай танысқанын алғаш рет айтып берді. Гүлфарида Жұбаева өнер иесімен оқу орнында танысқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017019-turge-man-bermeimiz-nurbolat-abdullin-aieli-ekeuinin-zas-kezin-korsetti-foto/

pixel