Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада белгілі музыкант мақұм Darkhan Juzz-дің құрметіне мурал пайда болды (видео)

Опубликовано:

Darkhan Juzz-дің муралы
Darkhan Juzz-дің муралы. Видеодан кадр: instagram.com/askhee.art

Елордадағы тұрғын үйлердің біріндегі қабырғада Darkhan Juzz есіммен танымал марқұм музыкант Дархан Жүнісбеков бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Муралдың авторы Instagram желісінде Ashee.art лақап атымен танымал Асхат есімді қазақстандық суретші.

"Darkhan Juzz-ге арналған естелік мурал дайын болды. Бұл жобаны жүзеге асырғаныма қуаныштымын. Мен оның әндерін ол енді танымал болып келе жатқан кезден бері тыңдап келемін", – деп жазды суретші желіде өзі бөліскен видео сипаттамасында.

Сондай-ақ ол муралдың эскизін дайындаған дизайнерлерге және суретті салуға рұқсат берген Астана әкімшілігіне алғысын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Таиландта жол апатынан қаза тапты.

Кейін СІМ өкілі Айбек Смадияров Таиланд полициясының мәліметіне сүйеніп, қазақстандық музыканттың өліміне жол апаты себеп болғанын растады.

1 наурызда алматылықтар танымал музыкантты ақтық сапарға шығарып салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2036098-astanada-belgili-muzykant-maqum-darkhan-juzz-din-qurmetine-mural-paida-boldy-video/

pixel