Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтар танымал музыкант Darkhan Juzz-ды ақтық сапарға шығарып салды

Опубликовано:

Darkhan Juzz
Darkhan Juzz. Фото: instagram.com/d.juzz

Алматылықтар Darkhan Juzz лақап атымен танымал болған музыкант Дархан Жүнісбековті ақтық сапарға шығарып салды. Ол Таиландта жол апатынан қаза тапқан болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров музыканттың денесі 28 ақпанда Таиландтан елге жеткізілетінін айтқан еді.

31 жастағы әнші бүгін Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленген.

Еске салсақ, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Таиландта жол апатынан қаза тапты.

Кейін СІМ өкілі Айбек Смадияров Таиланд полициясының мәліметіне сүйеніп, қазақстандық музыканттың өліміне жол апаты себеп болғанын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011347-almatylyqtar-tanymal-muzykant-darkhan-juzz-ben-qostasty/

pixel