Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденімен марапатталды (фото)

Опубликовано:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: instagram.com/aliokapov

Әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденін алды. Өнер иесі наградамен марапатталған сәтті Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін "Құрмет" орденінің иегері атандым. Шынымен, күтпеген жағдай болды. Әрине, көп рақмет. Осы атаққа лайық еңбек етуге, атқарған сенімді ақтауға барымды саламын. Басымды иемін", - деп жазды Әли Оқапов.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Олардың қатарында айтыс жанашыры, ақын Жүрсін Ерман, сондай-ақ белгілі жазушылар бар.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген мен бір топ әртіске мемлекеттік награда табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042534-ansi-ali-oqapov-qurmet-ordenimen-marapattaldy-foto/

pixel