jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Финишке таяп қалды": айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы жайлы айтты

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

    Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман былтырғы жылы дертке шалдығып, шетелде ем алып келген болатын. Ақын қазіргі денсаулығы жайлы "Таңшолпан" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Көп ем-дом алдым. Бірақ нәтиже шықпады. Бір жылдан асып кетті. Осы Алматыда, Астанада емделдім. Швейцарияда барып емделдім. Бірақ нақты нәтиже болмай тұр. Қазір 70-тің үстіне шықтым. Сырқат ауыр боп тұр. Финишке таяп қалды.

    Бұрын көп жазатынмын. Қазір жазуды да қойдым. Жазуға да сау адамның көңіл-күйі керек. Ол болмағаннан кейін қиын", - деп айтты Жүрсін Ерман.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

    Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

    Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

    Ал жақында Жүрсін Ерман "Отан" орденімен марапатталды.

    "Финишке таяп қалды": айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман қазіргі жағдайы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.