Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіне арналған арнау шумақтарын естіген Жүрсін Ерман көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Жүрсін Ерман айтыс төрінде
Жүрсін Ерман. Фото: kyn.kz

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып келді. Аспанбек Шұғатаев бастаған бір топ айтыскер ақынның үйіне барып, жағдайын сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Жүрсін Ерманның Instagram парақшасында жарияланды.

"Сөйлейін, жастығыңыз түрегелсін.

Жүрсін аға топтарға кіре берсін.

Жуырда "Алтын домбыра" өтеді дейді.

Өзіңіз де барсам деп тілегенсің.

Бұйырса, сол додада жолығайық.

Жүрсін ағам ұзақ ғұмыр сүре берсін.

"Алтын домбыра" деген не тәйірі?

Көлікті де, басқа ақын міне берсін.

Ең бастысы, жұртымның ортасында,

Жүрсін ағам жарқырап жүре берсін", - деді Аспанбек Шұғатаев.

Видеодан Жүрсін Ерман айтыскердің арнауынан соң көзіне жас алғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары айтыс ұйымдастырушысына жылы лебізін білдіріп, оның тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді.

"Қазағымның қара нары, аман болыңыз", "Емі шипалы болсын", "Алла шипасын берсін", "Сауығып кетіңіз", "Келбеті жақсарып қалыпты", "Жарқырап жүре беріңіз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

Ал жақында Жүрсін Ерман "Отан" орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044847-aitysker-arnauyn-estigen-zursin-erman-kozine-zas-aldy-video/

pixel