Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бар қалпымда жақсы көреді": Роза Әлқожаның ұлы отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Бейбарыс Қаба
Бейбарыс Қаба: Instagram/bars_qaba

Осыдан бірнеше күн бұрын эстрада жұлдызы Роза Әлқожаның ұлы Барс Қаба шаңырақ көтерді. Өнер жолына адымдап келе жатқан жас әншінің тойына өнер саңлақтары жиналып, ақ тілегін жаудырды. Осы орайда Nur.kz тілшісі Барс Қабаның өзімен сұхбаттасып қайтты.

Бейбарыс, сәлеметсіз бе. Сұхбат беруге келіскеніңіз үшін рахмет. Жақында шаңырақ көтерген екенсіз. Құттықтаймыз. Жалпы той қалай өтті?

- Баршаңызға рахмет. Той керемет деңгейде өтті. Аллаға шүкір . Ата-анам, отбасым үшін алғашқы үлкен той, үлкен қуаныш болды. Олардың шаттанғанын көріп, менің де төбем көкке жетті.

· Қазір өнер әлемінде өз орнын қалыптастырып келе жатқан әншілердің бірісіз. Ғашық қыздар да аз емес. Ал сүйіктіңіз сізді қандай қылығымен баурады?

- Жалпы көпшілік әлеуметтік желіде жарқырап, жайнап жүрген сәттерін көрсетеді ғой. Сол сияқты отбасылық жағдайыма немесе әлеуметтік статусыма қарамай, бар қалпымда жақсы көріп, менімен шын бақытты болғысы келгені үшін деп айтсам қателеспеймін.

· Көпшілік сізді халықтың ерке қызы Роза Әлқожаның ұлы ретінде таниды. Осы тұста өзіңіз туралы, отбасыңыз жайлы айта кетіңізші.

- Иә, өзімді нағыз өнер ордасында дүниеге келген жігітпін деп санаймын. Елге қызмет етіп, халықтың ақ батасын алып жүрген отбасыдан шыққаныма қуанамын.

Бейбарыс Қаба
Бейбарыс Қаба: Instagram/bars_qaba

· Өнер жолына келуіңізге анаңыз қаншалықты себепкер болды? Қазір ақыл-кеңесін айтып отыра ма?

- Мектеп кезінде "Ассалаумағалейкум, ардақты елім. жүретін баба салтын сақтап керім. Атамнан қалған сөзбен алдарыңа, анамнан бойға сіңген әнді алып келдім" деп айтатынмын. Сондықтан сөзім сүбелі болса, әкемнен, әнім әуезді болса, анамнан деп білемін.

· Жұрт сіздің даусыңызды нағашыңыз Әбдіжаппар Әлқожаға ұқсатып жатады. Сіз қалай ойлайсыз?

- Әрине, Әбдіжаппардай нағашым әрі ұстазым барына қуанамын. Өмір жолында еліктеп өскенім белгілі. Дегенмен өнерде өзімді басқаша дәлелдеймін деп ойлаймын. Ал дауысқа келетін болсақ, ол қаннан берілген сияқты. Қалай айтсам да, сол дауыс қой. (күледі)

Бейбарыс Қаба мен Әбдіжаппар Әлқожа
Бейбарыс Қаба мен Әбдіжаппар Әлқожа: Instagram/bars_qaba

· Алдағы уақытта шығармашылық жоспарларыңыз қандай?

- Әлі де өзімді қалыптастырсам, тағы да ізденсем деймін. Өзім оқыған актерлік шеберлігімді де дамытып, биіктерді бағындыруды көздеп жүрмін. Жалпы қазаққа қызмет ету, өнерге қызмет ету-мақсатым.

· Өзіңіз ән жазасыз. Анаңыздың, ағаңыздың орындауындағы әндердің қатарында да сіздің туындыларыңыз жоқ емес. Жалпы бұл қабілет кімнен дарыған, шабыт қайдан келеді?

- Иә. Құдай маған осындай сөзбен жетпеген дүниені сазбен жеткізетін қабілет өнер бергеніне шүкір. Кейде жүрек сөйлегісі келеді, соны әнге айналдыратын әдетім бар. Ал шабытты түрлі оқиғалардан аламын.

· Жалпы өнер жолында танымал тұлғаның ұлы болу қиындық тудырмай ма?

- Танымал тұлғалардың жалғасы болу- менің мойнымдағы жауапкершілік. Ал ер азамат жауапкершілікпен өседі. Сондықтан қиындық тудырмайды, тек алға жылжуға күш береді.

· Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

- Бос уақытымда аңшылыққа барамын. Көкпар мен бәйге көріп, атқа мінгенді ұнатамын.

· Сұхбатыңызға рахмет. Тек сәттілік тілейміз!

- Сіздерге рахмет!

Сұхбаттасқан Ұлжан Ибраим

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2046622-bar-qalpymda-zaosy-koredi-roza-alqozanyn-uly-otbasylyq-omiri-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel