Тұрар Ыдырыс үйленбегені үшін сынаған оқырманына жауап берді (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Тұрар Ыдырыс шоу-бизнес әлеміндегі сері жігіттердің бірі. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында отбасы құрмағаны үшін сынаған оқырманына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіге "Жұрт үйленіп, үй болып жатса, бір кісінің істеп отырғанын қарашы", - деп жазған.
Ал әнші хат жазған оқырманына өз әнінің сөзімен жауап берді.
"Маңдайыма жазылған бір бақытым бар шығар", - деп жазды әнші.
Көп ұзамай Тұрар Ыдырыс құшақ толы гүлдің суретін желіде бөлісіп, "Бойдақтық-ай. Қатты кеттік", - деген жазба қалдырды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді бірге көзге түскен болатын.
Айта кетейік, осыған дейін Сара Амангелді желіде ақ көйлек киген суретін бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойған болатын.
Ал кейінірек желіде актрисаның ұзатылған видеосы тарады.
Осы оқиғадан кейін Сара Амангелдінің анасы Гүлнұр Мамасарипова қызы мен Тұрар Ыдырысты не байланыстыратынын ашып айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062206-turar-ydyrys-uilenbegeni-usin-synagan-oqyrmanyna-zauap-berdi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.