Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажалдың аузына барып қайттым": Жүрсін Ерман қалай аяққа тұрғанын айтты

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Видеодан кадр: Жандарбек Бұлғақов бағдарламасы/Youtube

Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман осы уақытқа дейін өзін Қазақстанда емдемеген емші қалмағанын айтты. Өнер иесі Жандарбек Бұлғақовқа берген сұхбатында дертінен қалай айыққанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған бір әйел хабарласты. Танымаймын. Тоғыз жыл зерттеп, күріштің қауызынан дәрі жасаған екен. Қыркүйекте бір қария түсіне кіріп, аян беріпті. Бір айдан бері сол дәріні ішіп жатырмын.

Қазақстанда мені емдемеген емші қалмады. Бес-алтауы келді. Бәрінікі жай сөз болып шықты. Көптің тілегі қабыл болды ма? Ажалдың аузына барып, "қызық ештеңе жоқ екен" деп қайтып келдім", - деді Жүрсін Ерман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман арбаны тастап, таяқпен жүруге жарағанын айтып берген болатын.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062924-azaldyn-auzyna-baryp-qaittym-zursin-erman-qalai-ayaqqa-turganyn-aitty/

pixel