Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұптың иісі шығады": әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс
Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс. Видеодан кадр: "OZMZғой" бағдарламасы

Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді әлеуметтік желідегі парақшаларына видео жариялады. Қосыла ән орындаған өнер иелерін желідегілер жұптастырып үлгерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақсы көрем. Сарамен көптен күткен дуэтіміз. 8 наурыз күні шығады", - деп жазды Тұрар Ыдырыс.

Ал желі қолданушылары әнші мен актрисаның жарасымды жұп екенін айтып, видеоны қызу талқыға салды.

"Жұптың иісі шығады", ""Жақсы көрем", "Бір-біріңді жақсы көріңдерші", "Жарасымды жұп", "Тамаша", "Сендер қосылғанша, дұғада жүремін", "Онсыз да жұп емес пе?", "Соңы той болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді осыған дейін де бірге көзге түскен болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сара Амангелді желіде ақ көйлек киген суретін бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

Ал кейінірек желіде актрисаның ұзатылған видеосы тарады.

Осы оқиғадан кейін Сара Амангелдінің анасы Гүлнұр Мамасарипова қызы мен Тұрар Ыдырысты не байланыстыратынын ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064979-zuptyn-iisi-sygady-ansi-turar-ydyrys-pen-sara-amangeldi-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel