Әнші Нұрболат Қанай жер сілкінісінен кейін басқа қалаға уақытша қоныс аударатынын айтты
Жарияланған күні:
Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай Алматыдағы жер сілкінісінен соң басқа қалаға көшуді ойлаған. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында Атырау мен Шымкент қалаларының біріне уақытша қоныс аударатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жолдан шаршап келіп, жер сілкінісін сезбедім. Жер сілкінісіне байланысты алматылықтар басқа қалаға көшіп жатыр. Маған да сондай ой келді. 2-3 айға уақытша басқа қалаға қоныс аударсам деп отырмын.
Қазір Атырау, Шымкент, Астана, Ақтөбе қалаларының біріне көшуді ойлап отырмын", - деді Нұрболат Қанай.
Ал кейінірек әншінің оқырмандары Атырау мен Шымкент қалаларына көшуге дауыс берген.
"Оқырмандарым төрт қаланың екеуіне дауыс беріпті. Атырауға барсам, өз туған жерімде рахаттанып жүрем. Бірақ жайлылықтан шыға алмай қалатын сияқтымын. Шымкентке барсам, "Келін бала өз жағына тартып алыпты" деген әңгіме тарауы мүмкін. Әзіл ғой. Шымкентке барсам, тәуекелге бел буасың ғой. Оның үстіне арзаншылық. Бірақ Алматы, сені жақсы көрем", - деді Нұрболат Қанай.
Еске сала кетейік, Алматыдағы жер сілкінісінен кейін Ерке Есмахан вилла сатып алған болатын.
Осы оқиғадан кейін әнші Мадина Сәдуақасова Қызылорда қаласынан үй алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064988-ansi-nurbolat-qanai-zer-silkinisinen-keiin-basqa-qalaga-uaqytsa-qonys-audaratynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.