Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі қанша ұрпақ ауысуы керек": Алуа Қонарова елдегі жағдай үшін атқамінерлерді сынға алды (фото)

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Продюсер Алуа Қонарова елдегі су тасқынынан зардап шеккендер туралы айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында елдегі соңғы жағдайларға дайын болмаған атқарушы билікке шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Елдегі жағдайды қарайтын болсақ, жергілікті атқарушы органдар еш жағдайға дайын емес. Аязға да, өртке де, жер сілкінісіне де, су тасуына да... Неге алдын алмаймыз?

Бұған себеп, ел үшін жүрегі ауыратын нағыз білікті мамандардың жоқтығы. Елін көркейтетін адамдар келу үшін әлі қанша ұрпақ ауысуы керек?", - деді Алуа Қонарова.

Еске сала кетейік, соңғы күндері еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Осы жағдайға байланысты шоу-бизнес өкілдері жиналып, елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге 25 млн теңге ақша жинап қойды.

Ал Димаш Құдайберген өз атынан 15 млн теңге қаржылай көмек көрсетті.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударған болатын.

Сонымен қатар Ерке Есмахан да отбасымен зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, тілсіз табиғи апаттан зардап шеккендерге продюсер Гүлнұр Мамасарипова да көмек көрсетті.

Алуа Қонарова сторис
Алуа Қонарова сторис. Скриншот: instagram.com/aluakonarova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082209-ali-qansa-urpaq-auysuy-kerek-alua-qonarova-eldegi-zagdai-usin-atqaminerlerdi-synga-aldy-foto/

pixel