"Көрсетуге мәжбүрлейсіздер": Қырықбаева су басқан өңірлерге қандай көмек бергенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Динара Қырықбаева су тасқынынан зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсеткенін айтты. Ол тіпті чекті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қырықбаева ел басына күн туған сәтте тасада қалмағанын дәлелдеу үшін чек көрсетуге мәжүр болған.
"Әртістер мен блогерлер ештеңе жібермейді деп айтқандар үшін. Міне! Негізі ақша жібергенімді көрсеткім келмеген. Бірақ қаншама адам көмектеспегенімді айтып, хат жолдап жатыр. Мен оны көрсеткім келмейді!
Бірақ көрсетуге мәжбүрлейсізер. Мүмкіндік бар ма, ақша жіберіңіздер, гуманитарлық көмек көрсетіңіздер. Елімізде тек қана бірлік пен береке орнасын", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.
Ал бірнеше күн бұрын продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірлерге аттанды.
Сондай-ақ, танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өз туған өлкесі Оралға барып, су тасқынына дайындалып жатқан халықты көрсетті.
Ал Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарын Алматыға көшіруді ойлап, оқырмандарынан кеңес сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086604-korsetuge-mazburleisizder-qyryqbaeva-su-basqan-onirlerge-qandai-komek-bergenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.