Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актрисалыққа бет бұрған блогер Айшолпан Байтүгел табысы мен ең қымбат косметикасы туралы айтты

Опубликовано:

Айшолпан Байтүгел
Айшолпан Байтүгел. Фото: instagram.com/aisholpan_happiness

TikTok желісінде өзіне үш минуттық макияж жасау арқылы бір күнде танылған блогер, әзілкеш Айшолпан Байтүгел соңғы кезде актриса ретінде бағын сынап жүр. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұқбат берген блогер актрисалық өнерге келуі, соңғы түскен фильмі, одан алған гонорары, ең қымбат косметикасы туралы айтып берді.

Айшолпан, жаңа рөліңіз құтты болсын! Фильмге кастинг арқылы келдіңіз бе?

"Солай болып қалды" фильмі шетелде түсірілді. Мен Қайрат (Әділгерей - ред.ескертпесі) ағамен бірдей келдім. Сценарий мен үшін жазылған. Арнайы шақыртумен, ешқандай кастингке қатыспай келдім. Мен отандық киноларға көп түспесем де, жиі келіп тамашалап жүремін. Бұрын-соңды осындай спорт, волейбол тақырыбындағы қазақ киносын өзім көрмеппін. Үшіншіден, мотивацияға толы фильм. Күле отырып адам өзіне өмірлік сабақ алады.

Түсірілімге дейінгі болған түрлі жағдай, әсіресе Жазирамен болған түсініспеушілік жиі айтылып жүр. Бұл фильмге жасалған маркетинг пе, әлде расында да болған келіспеушілік пе?

Бастапқыда Жазирамен келіспей қалған кездеріміз болды. Оның актриса ретінде 10 жылдық тәжірбиесі бар. Мен балмұздақпын. Кішкене ұнатпай мінез көрсеткен кездері болды. Одан бөлек бұл фильм суда түсірілді. Судың ішінде волейбол ойнау керек болдық. Оңай емес. Мен аяғымды ауыртып, жарақат алғаным тағы бар.

Әр еңбек бағалануы керек. Сізге арнап жазылған сценарий болса, аз гонорар төлемеген шығар?

Гонорарым өзіме ұнады. 12 күндік түсірілімге бір жарым млн теңге алдым. Осы фильм елге ұнап, Айшолпанның бір түсірілім күні миллион жарым теңге деп айтатын сәт бұйырсын. Әмин. Өз-өзіме осылай тілеп қояйын.

Гонорарыңызды қайда жұмсадыңыз?

Мен гонорарымның 50 пайызын алдын ала сұрап алдым. Себебі менің шетелге баратын ақшам жоқ болды. Қалтамда жүрсін деп алған едім. Соның 200 долларын ғана жұмсап келдім. Басқа жағдайдың бәрін түсірілім тобы жасап қойған екен. Артық ақша жұмсаудың қажеті болмады.

Оған не сатып алдыңыз?

Қазақстанға келген соң киемін деп 350 мың теңгеге күртеше сатып алдым. Басқа ештеңе алмадым.

Негізгі табысыңыз қайдан келеді?

Негізгі табыс көзі - Instagram және TikTok. Блогер ретінде жарнамадан алатын ақшам бар. Сосын арасында осындай жобаларға шақырып тұрады. Нақты осындай деп айтпай-ақ қояйын. Жақсы табамын, шүкір.

"Үш минуттық макияж" жұлдызының ең қымбат косметикасы қандай?

Ең қымбат косметикам - бетке арналған өң беретін кремдер. Шамамен 20 -25 мың тұратын шығар. Қалғандары қолжетімді бағадағы косметикалар.

Қазір кредит, қарыздарыңыз бар ма?

"Келінжан" фильмінен алған гонорарыма, одан кейін түскен тапсырыстардың ақшасына барлық кредит-қарызымды жауып тастадым. Қазір ешқандай кредитім де, қарызым да жоқ.

Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2094131-aktrisalyqqa-bet-burgan-bloger-aisholpan-baitugel-tabysy-men-eng-qymbat-kosmetikasy-turaly-aitty/

pixel