Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамалған қазақ жұлдыздары: отандық шоу-бизнестегі ең үлкен даулар

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі
Фото: Instagram/toregalitoreali

Өткен аптада қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас сот отырысы нәтижесінде айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамалды. Осыған дейін де шоу-бизнес өкілдерінің бірі алаяқтық жасап, енді бірі заңсыз әрекеттерге барғаны үшін кінәлі деп айыпталған болатын. Осы орайда KAZ.NUR.KZ оқырмандарының назарына үстінен іс қозғалып, темір торға тоғытылған жұлдыздардың топтамасын ұсынады.

Тұрсынбек Қабатов

28 маусым күні белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың 5 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Өнер иесі ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаланған.

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Елорда Инфо"

Қайрат Нұртас

5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

әнші
Қайрат Нұртас. Фото: kair_n/Instagram

Әбдіжаппар Әлқожа

Қайрат Нұртастың даулы оқиғасынан кейін желіде Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Төреғали Төреәлі

Өткен жылы "Ұлы дала баласы" атанып кеткен Төреғали Төреәлі де темір торға тоғытылды. Өнер иесі көлікті есірткіге мас күйде жүргізіп, полиция қызметкерлеріне агрессивтілік көрсеткен болатын. Эстрада жұлдызына қатысты даулы іс нәтижесінде ол 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші көлігінен айырылды.

Оған дейін 2022 жылы әнші Көлсайда даулы оқиғаға тап болды. Ол гид қызметін атқаратын жігітті соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Тергеп-тексеру аяқталған соң Төреғалиге он миллион теңге сомасына кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: Instagram/toregalitoreali

Мейіржан Төребаев

Темір торға тоғытылған жұлдыздар арасында Мейіржан Төребаев та бар. Вайнер өткен жылдың жазында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталып, 5 жылға сотталды.

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Қайрат Түнтеков

2012 жылдың 28-ші желтоқсанында әнші жігіт жол апатына ұшырап, басқарып келе жатқан көлігімен Назира Есенамановаға тиесілі "Toyota Land Cruiser 100" көлігіне соқтығысқан еді.

Оқиғадан рөлдегі қыз жараланған. Осыдан кейін жауаптан жалтарған әнші 2013 жылдың басында 40 күнге абақтыға отырып шықты.

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Видеодан кадр: youtube.com/ Qazaq AIRAN

Гауһар Әлімбекова

"Ақ келін" әнімен талай аруды құтты жеріне қондырған әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық бабымен айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда 11 сәуір күні өнер иесі сот залынан ақталып шықты.

Гауһар Әлімбекова
Гауһар Әлімбекова. Видеодан кадр: "Хабарlike" бағдарламасы

Mad Men тобы

2022 жылдың 27 сәуірінде отандық танымал "Mad Men" q-pop тобының мүшелері психотроптық заттар мен есірткіні сату мақсатында дайындағаны және сақтағаны үшін ұзақ мерзімге сотталды.

Сот қылмыстық топ басшысын 17 жылға, топтың үш мүшесіне 16 жыл, қалған қатысушыларға 15 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

Mad men тобы
Фото: Ticketon.kz

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131293-qamalgan-qazaq-zhuldyzdary-otandyq-shou-biznestegi-eng-ulken-daular/