jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Назарда жүргім келмейді": Асқар Жүнісбеков неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    Асқар Жүнісбеков әнші
    Асқар Жүнісбеков. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

    Әнші Асқар Жүнісбеков соңғы уақытта өнер әлемінен көрінбей кетуінің себебін айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында тойда жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тойда жүрмін. Өнердің төңірегіндемін. Алматыдамын. Жаңа ән жазылу үстінде. Көп сұхбат бермеймін. Үнемі назарда жүргім келмейді. Бала кезден сондай әдет бар. Көңілден кете қойдық деп ойламаймын. Концертке дайын емеспін. Әнді әлі де толықтыру керек екен. Өз көңілімнен шығатындай концерт бергім келеді.

    Табыс көзім - той, концерт. Өзіме күнде есеп берем, күнде ойланамын. Жалқаулық бар, мойындаймын. Жоқ болып кетпедім, жүрмін. Әлеуметтік желіде жаңалығыммен бөлісіп тұрам. Көп жобаға қатысып жүрмін. Қамшылайтын продюсер керек сияқты. Қазір 1-2 көмекшім бар", - деді Асқар Жүнісбеков.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Асқар Жүнісбеков екі ұлы барын айтқан болатын.

    "Назарда жүргім келмейді": Асқар Жүнісбеков неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.