jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық жобаның жеңімпазы анықталды

    Нұржас Садырбаев
    Нұржас Садырбаев. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстандық өнерпаз Нұржас Садырбаев Voice Beyond Horizon жобасының жеңімпазы атанып, "Даңқ жұлдызы" атағына ие болды, деп хабарлайды Dimashnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, Voice Beyond Horizon жобасы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асырылып, Түркістанда бастау алып, Ақтау мен Алматы қалаларында жалғасын тауып, бас қала Астанада қорытындыланды.

    Жоба барысында Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген сегіз қатысушы сапарларын бірге бастап, Қазақстанның киелі жерлерінің көркемдігіне куә болған.

    Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында байқау жеңімпазы Нұржас Садырбаевты құттықтап, жұртты оған қолдау білдіруге шақырды.

    "Қытайдың ең ірі телеарналарының бірі – Hunan TV арнасында өткен Voice Beyond Horizon халықаралық байқауында жеңіске жеткен Нұржас Сыдырбаевты шын жүректен құттықтаймын.

    Нұржас Қазақстанды лайықты деңгейде таныстырып, өзінің талантымен көрермендердің ықыласына бөленді", - деп жазды Димаш Құдайберген.

    Айта кетейік, биыл ақпанда Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп дайындаған Voice Beyond Horizon атты жаңа халықаралық жобасы көрерменге жол тартқан еді.

    Халықаралық жобаның түсірілімі былтыр қыркүйекте басталды.

    Сондай-ақ бұл жобада Қазақстан намысын әнші, музыкалық театр және кино актері Нұржас Садырбай қорғап жатқанын жазған едік.

    Димаш Құдайберген продюсерлік еткен халықаралық жобаның жеңімпазы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.