Канье Уэст Алматыдағы концертінің кейінге шегерілгенін растады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Орталық стадионға жиналған келушілерге концерттің 15 тамызға ауыстырылғаны хабарланды. Осыдан кейін рэпер Канье Уэст бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Біз бұған дейін рэпер Канье Уэстің сахнаға шықпағанын жазған едік. Көрермендер біраз күткеннен кейін концерттің ертеңге шегерілгені туралы ақпарат айтылды.
"Құрметті алматылықтар! Ауа райына байланысты бүгінгі концерт ертеңге ауыстырылды. Денсаулық пен қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз. Ертең кездескенше!", - деп жазды Канье Уэст X әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, бүгін Алматыда, Алматы облысында және Қазақстанның басқа да өңірлерінде электр қуаты сөнді. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған Орталық Азия энергия жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен туындаған қуаттың артуы себеп болды.
Сол арада Канье Уэстің концерті басталар алдында қалада ауа райы күрт бұзылып, дауыл палаткаларды ұшырып әкеткен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2412968-kane-uest-almatydagy-kontsertining-keiinge-shegerilgenin-rastady/
