jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концерті кейінге шегерілді

    концерт
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n/

    Қайрат Нұртас Қызылордада өтетін концерті кейінге шегерілгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әртіс бұл жөнінде Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

    "18 қазанға жоспарланған концертіміз 20 қазанға ауыстырылды. Бұған дейін сатып алынған билеттердің барлығы жарамды. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!" - деп жазды Қайрат Нұртас.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қайрат Нұртастың концерті өткен еді. Аталған шараға жиналған халық саны тым көп болып, халық кептеліп қалған. Салдарынан 18 жастағы бойжеткен зардап шеккенін жазған едік. Ведомство оның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

    Артынша аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

    Қайрат Нұртастың Қызылордадағы концерті кейінге шегерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram