jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мөлдір Әуелбекова ауруханаға түсіп қалды

    Мөлдір Әуелбекова1
    Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Әнші Мөлдір Әуелбекова коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

    "Бұл жағымсыз жаңалығыммен бөліскім келмеп еді... Бірақ мына жақтағы көріністі көзбен көріп, өз басымнан өтіп жатқан соң, сіздерге өтініш білдіру мақсатында бөлісуді ұйғардым. Бірнеше уақыттан бері біз COVID-19 бен ауруханада жатырмыз. Дер кезінде бұйырған емді қабылдап қазіргі хәліміз Алланың қалауымен жаман емес, шүкір.

    Сіздерге өтініш, сақтанып жүріңіздерші! COVID өршіп тұр. Қажетсіз жиындар, той мен отырыстан бас тартыңыздаршы, бетперде шешпей киіп жүріңіздерші. Үйдегі әлсіз қарттарымыз үшін, кішкентай бала-шағамыз үшін және мен сияқты иммунитеті төмен аяғы ауыр келіншектер үшін бұл өте маңызды.

    Алла жұртымыздың амандығын берсін! Сырқаттарға шипасы мен жеңілдігін берсін! Сақ болайық! Аман болайық! Сау болайық!", - деп жазды әнші.

    Бұны естіген желі қолданушылары өнер иесіне тезірек сауығып кетуін тілеген.

    "Алла шипасын берсін! Тез жазылыңыз", Тез жазылып кетіңіз. Тілекшіміз", Ауырмаңыз, құлан таза айығып кетіңіз", - дейді пікір қалдырушылар.

    Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың аяғы ауыр екенін жазған едік. Әнші екінші сәбиін күтіп жүр. Өнер иесі өткен жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Алайда оның жүрегін жаулаған азаматтың кім екені әлі күнге дейін құпия. Әнші жеке өміріне қатысты жаңалықтармен желіде бөлісе бермейді.

    Мөлдір Әуелбекова ауруханаға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.