jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Еуропаға барғалы жатыр": айтыскер Жүрсін Ерманның шетелде ем алатынын айтты

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

    Жақында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскен айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропа еліне аттанбақ. Ақынның шетелге сапарға шығатынын айтыскер Шалқарбай Ізбасаров Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Айтыстың реформаторы Жүрсін Ерман ағамызға амандасып және "Ұлытау облысының құрметті азаматы" атануымен құттықтап шықтық. Аллаға шүкір, жағдайы жақсарып қалыпты.

    Жақында ем-дом алу мақсатында Еуропаға барғалы жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын, аман жүріңіз", - деп жазды айтыскер.

    Естеріңізге сала кетейік, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын.

    Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

    Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақын жансақтау бөліміне түспес денсаулығы сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

    Арада біраз уақыт өткенде айтыскер Марат Ахметов ұстазы Жүрсін Ерманның үйіне сауығып шыққанын айтып, жақсы жаңалықты желіде көпшілікпен бөлісті.

    "Еуропаға барғалы жатыр": айтыскер Жүрсін Ерманның шетелде ем алатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.