jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті": Жүрсін Ерман шетелде ем алуына қаржылай көмектескен кім екенін айтты

    Жүрсін Ерман
    Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

    2022 жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскен болатын. Кейін Еуропада ем алып келген ақын қиын сәтте қолдау білдірген достары жайлы айтып берді, деп жазады "Айқын" басылымы.

    Айтыс ұйымдастырушысы ауырып жатқанда не ойлағанын және қиын сәтте жанынан табылған достары жайлы айтты.

    "Ақын не ойламайды дейсің?! Әрнәр­сені ойлайсың. "Осымен бәрі бітті ме" дейсің. Істеп жатқан жұмысыңды ойлайсың. Менікі айлық алып істейтін жұмыс емес қой. Қоғамдық жұмыс. Ма­мыр айының аяғында Ұлытау облысында бұрыннан келе жатқан айтыс болады. Соған еліміздің ең тәуір ақындары қатысады. Алла қаласа, сол айтысты өткіземін деп отырмын. 

    Қаңтар айында 40 күн Швейцарияда ем алып келдім. Сол кезде көп жігіт көмек көрсетті. Швейцарияға бару оңай емес қой. Мемлекет басшы­сы­нан бастап, еміме ақша бөлді. Дос­тарым, кәсіпкер Құсайын Омаров, Дулат Тастекеев деген жігіттер арнайы ақша қарастырды. Ескі досым Өмірзақ Сәр­сенов те қасымнан табылды.

    Асанәлі Әшімов мен ауруханада жатқанда ішке кіре алмай, қала әкімдігіне шығып жүріп ауруханаға кіріпті. Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті. Соның бәрі рухани көмек қой", - деді Жүрсін Ерман.

    Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың қазанында айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын.

    Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын. Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған.

    Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

    "Ес-түссіз жатқанымды көріп жылап кетіпті": Жүрсін Ерман шетелде ем алуына қаржылай көмектескен кім екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.