jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Саят Медеуов жол апатына түскен кезін еске алды

    Саят Медеуов
    Саят Медеуов. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Танымал әнші Саят Медеуов отандық бағдарламаға ерекше образда киініп келген. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бас киімін тастамаған әнші бұл ісінің себебі денсаулығына байланысты екенін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Сіздің образыңызға ерекше таңданыспен қарап отырмын. Бас киіммен түсірілімге келгеніңізді өмірі көрмеппін", - деп сұрады.

    Ал Саят Медеуов денсаулығын емдеп жүргендіктен, бас киім киюге мәжбүр болғанын айтты.

    "Иә, мұндай болмап еді. "Құдай жүгіртпегенді, бұзау жүгіртеді" деп қазақ айтады ғой. 2020 жылдан бері неше түрлі жағдай болды. Жалпы ұлттың басына қиыншылық туды. Сол кезде менде де неше түрлі жағдай болды.

    Ата-анам өмірден өтті. Өзім коронавирус болып ауырдым. Енді жақсы болдым ғой дегенде жол апатына түсіп қалдым. Соның барлығы әсер етті ме, шашым түсті. Содан кейін шашымды алып, емдеттім. Сол себепті бас киіммен шығып отырмын. Амалдың жоқтығынан осылай болды", - деді Саят Медеуов.

    Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов Төреғали Төреәлидің оқиғасына қатысты пікір білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.