jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Басымды талай тексерістен өткіздік": Жұлдыз Әбдікәрімова жаз бойы ауруханадан көз ашпаған

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram / zhuldyzabdukarimovaofficial

    Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр жаз бойы басы қатты ауырғаннан ем таппай, ауруханадан көз ашпаған күндерін еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2024 жылы жаз бойы ауруханадан көз ашпадым. Басым қысып ауыратыны сонша, тыныс алудың өзі азап болатын. Дәрігерлер себебін таппай менімен бірге әбден қиналды. Басымды талай тексерістен өткіздік. Тауға да, тасқа да ұрдым деген осы шығар", - деп ауыр күндерді есіне алды актриса Instagram парақшасында.

    Ол басына түскен қиындықтар мұнымен бітпегенін айтып, жұмыстан кету себебіне қатысты ағынан жарылды.

    "Былтырғы сот мәселесі әбден қажытып, жұмыстан қол үздім. Ең алдымен "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасынан кеттім. Соңғы күндері көңілімді бағып, алаңдап екі ұл жұмысыма бірге келетін болды. Эфирде көрерменді алдай алмайсың. Сол себепті өз еркіммен жұмыстан кету үшін арыз бердім", - деп жазды Жұлдыз.

    Еске сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр қазан айында құрылыс компаниясын сотқа бергенін хабарлады. Актриса үш жыл бұрын сатып алған үйінің құжаттарын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін айтты.

    Сол арада танымал журналист Дана Нұржігіт үйінен айырылып, әлі күнге пәтер жалдап тұратын актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдіріп жазба жариялады.

    "Басымды талай тексерістен өткіздік": Жұлдыз Әбдікәрімова жаз бойы ауруханадан көз ашпаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.