jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ажырасып кеткен Ирина Шейк пен Брэдли Купер Лондонда кездесті (фото)

    : Facebook

    Бұрынғы ғашықтар - модель Ирина Шейк пен Брэдли Купер BAFTA-2020 кешінде төбе көрсетті. Олар тіпті бірге суретке түскен деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    шейккк
    Фото: instagram.com/britishvogue: Facebook

    34 жастағы модель Ирина Шейк пен 45 жастағы актер Брэдли Купер Ұлыбританияның астанасында өткен Vogue-дың кешінде кездесіп қалыпты.

    Экс-ғашықтардың аталмыш іс-шарада бір-бірімен сөйлескен-сөйлеспегені белгісіз. Өйткені, папарацци екеуін бірге суретке түсіре алмаған.

    Алайда Vogue журналының ресми Instagram парақшасында ғашықтардың ортақ фотосы жарияланған.

    Кумирлерінің дәл осы суреті модель мен актердің жанкүйерлеріне үміт отын жақты. Олар жұлдызды жұптың тезірек қосылғанын тілеп отыр.

    "Эх, Брэдлик ортақ фотода бал-бұл жанып тұр", "Ең әдемі жұп бірге болуы керек", "Райынан қайтыпты", "Оның жанында жарқырап тұр", - деп жазған желідегілер.

    Айта кетсек, британдық Vogue-дың кешіне Виктория Бекхэм, Шарлиз Терон, Амелию Виндзор, Николь Шерзингер, Марго Робби, Элли Голдинг, Кортни Лав және т.б. көптеген танымал жандар келген.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ирина Шейк өзге азаматпен қонақ үйден шығып бара жатқан сәтінде фотографтардың құрығына іліккен еді.

    Ирина Шейк пен белгісіз азамат 20 қараша күні түнгі уақытта қонақ үйден шығып, көлікке отырып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, олар бір-біріне аса жақын арақашықтықта жүріп келе жатқан.

    Оған қоса, ер азамат көлікке отырмас бұрын танымал модельге есікті ашып беріп, өз қамқорлығын танытқан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Ажырасып кеткен Ирина Шейк пен Брэдли Купер Лондонда кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.