jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Шақырса да бармаймын": Тоқтар Серіков не себепті саяси партияға кіргісі келмейді

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Тоқтар Серіков не себепті әлі күнге дейін бірде-бір саяси партия құрамына кірмегенін түсіндірді. Өнер иесі елімізде халықтың мұң-мұқтажын ойлайтын партия жоқ деп есептейді. Оған қоса, эстрада жұлдызы "ұйықтап отыратын депутаттармен" қызметтес болғысы келмейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Тоқтар Серіков өзге әріптестері сияқты мемлекеттік қызметке бармауына қатысты бар шындықты айтты.

    Әнші ешкімге бағынышты болмай, тыныш өмір сүргісі келетінін алға тартты.

    "Ешкімге, ешқандай қызметке мұқтаж емеспін. Тып-тыныш, өзіммен өзім отбасыммен өмір сүріп жатырмын. Қалаған уақытымда қалаған жеріме барып келе аламын.

    Біреуге бағынышты болғым келмейді. Мен әлі күнге дейін ешқандай қызметте емеспін. Партияда да жоқпын.

    Қандай партия? Мен елдің мұң-мұқтажын ойлайтын, халықтың жағдайы мен болашағын ойлайтын партия көріп тұрғаным жоқ.

    Депутаттары ұйықтап отыратындардың партиясы ма? Бармаймын, шақырса да бармаймын. Керегі жоқ.

    Жағымпаздардың, өтірік сөйлейтіндердің партиясына қалай барамын? Біз әнші, актерміз дейміз ғой. Бірақ олардың арасында бізден өтіп кеткен актер мен әншілер бар.

    Мүмкін кезіндегі Толағайлар, Алпамыстар, Қобыландылар сияқты азаматтардан халық арманынан жақсы партия құрылатын шығар. Соның ішінде бір белсенді болсам, арман жоқ.
    Ең өкініштісі, елдің қамын ойлайтын, ел жағдайын уайымдайтын керемет азаматтар тентіреп жеке-жеке жүргеніне жүрегім ауырады" , - деді әнші.

    Айта кетейік, бұған дейін Тоқтар Серіков ашық-шашық киінетін әншілерді тыңдамайтынын және балаларына көрсетпейтінін айтқан болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Шақырса да бармаймын": Тоқтар Серіков не себепті саяси партияға кіргісі келмейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.