jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Атағы жоқ": Белгілі актер Әбунасыр Серіковтің қызы әкесі жайлы шындықты айтты (видео)

    : Twitter

    Отандық кинофильмдерде жиі бой көрсететін Әбунасыр Серіковтің ешқандай атағы жоқ. Бүгінде комедия жанрындағы картиналарда басты рөлдерді сомдап жүрген актер өзі түскен туындыларды да көрмейді. Алайда Серіковке халықтың пікірі аса маңызды. Бұл туралы әзілкештің қызы Ханшайым Серікова айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Juldyzdan Jaryq" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Видеодан кадрлар: Youtube, Gakku TV
    Видеодан кадрлар: Youtube, Gakku TV: Twitter

    Ханшайымның өзі де өнер жолына бет бұруға әзір. Бірақ ол өз саласында жетістікке ата-анасының қолдауынсыз жеткісі келеді. Себебі, алғашында өнер академиясында білім алу туралы ойын жанұясы қолдай қоймаған. Алайда тағдырдың айдауымен арудың жолы өнермен тоғысыпты.

    "Әкемнің өнерге келуіне үй-іші, ата-әжеміз қарсы болған. Біз үшін әкем халық әртісі. Жақында "Халық әртісі" атағын анам алды. Әкемде атақ жоқ. Өзі түскен фильмдерді көрмейді. Бірақ "фильм қалай?", "халыққа ұнап жатыр ма?" деп сұрап отырады",- деді Ханшайым.

    Халық көңілінен шығып, көпшіліктің көзайымына айналған актердің қызы мансапқа қарағанда отбасылық өмірді алға қояды. Сондықтан, ол анайы рөлдерге қарсы. Әлі келін атанбаса да, болашақ ата-енесі мен өз әке-шешесінің абыройын жоғары ұстауды дұрыс деп санайды.

    Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, әкесі туралы тың ақпараттармен бөлісті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Атағы жоқ": Белгілі актер Әбунасыр Серіковтің қызы әкесі жайлы шындықты айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.