jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлады

    Ескендір Хасанғалиев
    Фото: Отбасының жеке архивінен

    Қазақстанның мемлекеттік сыйлық иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев ауруханада коронавируспен күресуде. Редакция дереккөзінің хабарлауынша, әнші ауыр жағдайда жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Ақпаратты әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Sputnik Қазақстанға растады. Оның сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

    “Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін”, - деді Біржан Хасанғалиев.

    Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.

    Айта кетейік, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева 10 сәуірден бастап коронавируспен күресіп жатыр. Халық әртісінің жансақтау бөліміне түскеніне алты күн болды.

    Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық эстрада жұлдызы Толқын Забирова екінші мәрте коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын жазған едік.

    Толқын Забирова қауіпті індетке қайта шалдыққанын Instagram желісінде хабарлаған. Әнші бірнеше мәрте инфекцияны жұқтырғанша, дер кезінде вакцина салдырған дұрыс деген тұжырымға келген.

    Одан бөлек, боксшы Жанқош Тұраров коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз. Жанқош Тұраров үшінші сәуірге жоспарланған жекпе-жегіне қатыса алмай қалды. Спортшының коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіп, ол бірден оқшаулануға кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.