jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Үлкен сыйлық жасады": Абай Бегейдің қызы әкесінің туған күнінде үшінші сәбиін дүниеге әкелді

    Абай Бегей қызымен
    Фото: Instagram/abai_begei

    Абай Бегейдің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Әншінің үшінші жиені дүниеге келген. Үлкен қызы жұлдызды әкесінің туған күнінде босанып, оған ерекше сыйлық жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Абай Бегей бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жария етті. Ол қызы мен жиенінің перзентханадағы фотосын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    "Аллаға сансыз шүкірліктер болсын! Дәл 31.05. 2022 жыл менің туған күнімде Ерке қызым папасына үлкен сыйлық жасады. Адик, Ерке дүние есігін ашқан сәбидің бауы берік болсын. Қуаныштымын. Сыйлық бұйыртса бүгін kaspi-мен барады. Кешеден жаудырып жатқан, ақ тілектеріңізге, көңілдеріңізге көп көп рахмет", - деп жазды әртіс.

    Желі қолданушылары жұлдызды атаны жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдады.

    Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің екі жыл бойы салған зәулім үйіне көшкенін хабарлаған болатынбыз. Өнер иесі көпшілікке жаңа баспанасын көрсетті.

    "Үлкен сыйлық жасады": Абай Бегейдің қызы әкесінің туған күнінде үшінші сәбиін дүниеге әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.