jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Әнші Еркеш Хасен алғаш рет әке атанды (видео)

    Еркеш Хасен әйелімен
    Фото: Instagram/aigera_nursseit

    Отандық жас әнші Еркеш Хасен алғаш рет әке атанды. Өнер иесі келіншегі оған қыз бала сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышты жаңалықты Еркеш Хасеннің өзі Instagram парақшасында жария етті. Ол барша оқырмандарына әке атанғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

    Жас әке өзінің алғашқы әсерін бөлісіп, арнайы видео жолдаған.

    "Қалайсыздар? Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақтар. Айкошым маған қыз туып берді. Аллаға шүкір, осы қуаныш барлықтарыңызға жұғысты болсын", - деді жұлдызды әке.

    Жас ата-ана қызды болған. Алайда сәбиге қандай ат берілгені әзірге белгісіз.

    Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жеткізді.

    "Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болсын", "Құттықтаймыз. Ханшайымыңыз аман-есен болып, сіздерді қуанта берсін", "Қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Қандай керемет жаңалық. Әке атануыңызбен", "Қыз деген Алланың сыйы ғой. Құттықтаймыз", - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, Еркеш Хасен өткен жылдың қазан айында шаңырақ көтерген болатын. Әншінің таңдауы Әйгерім Нұрсейіт есімді аруға түскен. Бойжеткенді ғашығымен ортақ достары таныстырған болып шықты.

    Әнші Еркеш Хасен алғаш рет әке атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.