jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ерке Есмахан: Парижге мәңгілік махаббатыммен бардым (фото)

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Отандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде сүйіктісін көрсетпегенімен, оның бар екенін үнемі айтып жүреді. Бұл жолы өнер иесі қазан айында Парижге сүйіктісімен саяхат жасағанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазды.

    "Париж - менің бала күнгі арманым. Махаббаттың қаласына "тек сүйіктіммен барамын" деп кішкентай кезімде мақсат қойғанмын.

    Қанша жыл өтсе де, қанша жол түссе де бармайтынмын. Арманым орындаларына сеніп, қимайтынмын. Міне, мәңгілік махаббатыммен 2022 жылы бардым. Жыл соңына таяп қалған соң ойланып, қорытындылап, шүкірлік жасап отырғаным ғой", - деп жазды Ерке Есмахан.

    Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан биылғы жылдың қазанында Париж қаласына барған болатын. Әнші оқырмандарымен демалыс сәтін бөлісіп отырды.

    Ал Рим қаласына барған әнші романтикалық суреттерімен бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.