Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала күнгі арманым": Ерке Есмахан Парижде қалай демалып жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан Францияға демалысқа аттанған. Өнер иесі балалық шағынан арманына айналған Париждің көрікті жерлерін аралауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан әйгілі Эйфель мұнарасының жанында түскен суретімен Instagram желісінде бөлісті.

"Париж қаласын көру менің бала күнгі арманым. Есейе келе қанша жол түссе де бармай қалатынмын. Неге екенін артынан айтып түсіндірермін. Міне, осы күзде арманымды Алла мен ойлағаннан да керемет етіп бұйыртты. Париж - махаббаттың қаласы", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары сүйікті әншісіне жақсы демалыс тілеген.

"Сол Парижде махаббатыңыз жолықсын", "Демалысыңыз жақсы өтсін", "Сіз барып, Париждің сәні кірді ғой", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991103-bala-kungi-armanym-erke-esmaxan-parizde-qalai-demalyp-zur-foto-video/

pixel