jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Актриса Аружан Жазылбекова неге үйлену тойының болмағанын айтты

    Аружан Жазылбекова
    Аружан Жазылбекова. Фото: Instagram/arujazz

    Отандық актриса Аружан Жазылбекова тұрмысқа шыққанымен, үйлену тойын жасамаған. Актриса ақ көйлек киіп, той жасамауының себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіде актрисаға оқырмандарының бірі сауал жолдап, үйлену тойы жайлы білгісі келген.

    "Өте жарасымды жұпсыздар. Үйлену тойларыңыз болды ма?", - деп жазды желі қолданушысы.

    Алайда Аружан Жазылбекова жұбайы екеуінің үлкен той жасағысы келмегенін жеткізді.

    "Біз той жасамадық. Әуреге түскіміз келмеді. Некемізді заңды түрде қидырып, атап өттік", - деді актриса.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Аружан Жазыбекова ата-аналарға қызының тойына емес, оның оқуына ақша жинауға кеңес берген болатын.

    ""Қызыңыз кімге тұрмысқа шығады деп уайымдамауы үшін оны кәсіби маман етіп дайындаңыз. Ақшаны оның тойына емес, білім алуына жұмсаңыз. Тұрмысқа шығу үшін емес, өзі үшін үйретіңіз. Өзін жақсы көруді, өзіне сенімді болуды үйретіңіз”, - деп жазған болатын актриса.

    Аружан Жазылбекова
    Аружан Жазылбекова. Скриншот: instagram.com/arujazz

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.