jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұрыннан білдік": Мадина Сәдуақасова Ерке мен Раимға бақыт тіледі (видео)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/raimkzt

    Шоу-бизнес әлемін дүр сілкіндірген Ерке Есмахан мен Раимның махаббаты жайлы жаңалыққа Мадина Сәдуақасова пікір білдірді. Сәдуақасова жұлдызды жұптың махаббаттарын бұрыннан білетінін айтып, Ерке Есмаханға бақыт тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде қос әнші Ерке Есмахан мен Раимның махаббаты жайлы қауесет желдей есті.

    Осыдан кейін Раим Ерке Есмаханмен көңіл қосып жүргенін растап, әлеуметтік желіде екеуінің шетелдегі саяхатынан сурет жариялады.

    Раимның мәлімдемесінен соң Ерке Есмахан да сүйіктісіне сезімге толы жазба жариялап, махаббатын растады.

    Ал бүгін отандық әнші Мадина Сәдуақасова жұлдызды жұптың махаббатынан хабардар болғанын айтып, Ерке Есмаханға бақыт тіледі.

    "Соңғы жаңалықтар жүректі жылытып жатыр. Біздің Ерке мен Раим екеуі өз ғашықтық сезімін бүкіл Қазақстанға айтып жатыр. Біз бұрыннан білдік. Алайда айтуға қақымыз болған жоқ.

    Достар, сіздер екі жасты қатты сөкпеңіздер. Махаббат жасқа қарамайды. Оны мен дәлелдеп, айта аламын. Тек қана бақыт тілейік", - деді Мадина Сәдуақасова.

    "Бұрыннан білдік": Мадина Сәдуақасова Ерке мен Раимға бақыт тіледі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.