Шоубиз

Зектілері

Актриса Әсел Асқар шетінеген ұлына жазба арнап, көпшілікті жылатты

Жарияланған күні:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Актриса Әсел Асқар ауыр дерттен шетінеген кенже ұлына жазба арнап, көпшілікті жылатты. Өнер иесі ұлы тірі болғанда, бүгін бір жасқа толатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлым, бүгін бір жасқа толар едің. Осылай, өмір қысқа. Қанша ғұмыры барын ешкім білмейді. Өз өміріңізді лайықты өткізіңіз! Еш өкініш болмайтындай өмір сүріңіз. Жақсылық көп жасаңыз. Жақындарыңызды бағалаңыз. Балаларыңызға сізді таңдағаны үшін алғыс айтыңыз", - деді Әсел Асқар.

Сонымен қатар актриса ұлының өмірге келген сәтін еске алды.

"Сен 19:20-да өмір есігін аштың. Сол сәттен бастап мен сенің анаң екенімді толыққанды сезіндім. Менің жеңімпазым, сені жанымнан артық жақсы көремін. Саған өмірімнің мәнге толы қысқа шағы үшін алғыс айтамын. Менің қорғаушым, өмірім Айбарыс! Сені алғашқы туған күніңмен құттықтаймын! Анаң сені сағынып жүр. Менімен мақтануың үшін бәрін жасаймын", - деп жазды актриса Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Арада бірнеше күн өткенде өнер иесі кішкентайының бақилық болғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2007281-aktrisa-asel-asqar-setinegen-ulyna-zazba-arnap-kopsilikti-zylatty/