jitsu gif
Шоубиз

    Бір топ ақын Ерке Есмахан мен Раимға жыр арнап, көпшілікті қауесетті тоқтатуға шақырды (видео)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/raimkzt

    Шоу-бизнес өкілдері Ерке Есмахан мен жас әнші Раим Бақтыгереевтің шаңырақ көтеруі әлі де желіде қызу талқыланып жатыр. Бір топ ақын жас жұбайларға жыр арнап, көпшілікті қауесетті тоқтатуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан айтыскер ақындар — Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханның, актер Дәулет Бижановтың жұлдыздарға "пародия жасады".

    "Ақтөбеде "жоқ-жоқ" дейтін ана қыз,

    Сол қызды алды Раим деген баламыз.

    Былтырғы қаңтар - уайым,

    Биылғы қаңтар — Раим.

    Біз қазақтар тек қаңтарда жарамыз", - деп бастады арнауын ақындар.

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Желі қолданушыларының қызу талқысына түскен видеоны ақын Сырым Әуезхан Instagram желісіне жариялаған.

    Ал сөз соңында айтыскерлер көпшілікті Ерке Есмахан мен Раимның шаңырақ көтеруін талқылауды тоқтатуға шақырады.

    "Сөге бермей Раим менен Еркені,

    Өсек-сөзді тоқтатса екен, ел тегі.

    Ерке менен Раим, бақытты болсын ләйім,

    Екі жастың жарқын болсын ертеңі.

    Мына жалған бес күнде, қызықпастан ешкімге,

    Өміріміз бола берсін ертегі", - деді айтыскерлер видеода.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет тарап, кейінірек Раим Бақтыгереев бұл ақпаратты растаған болатын. Осыдан кейін бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

    Кейінірек Раим Бақтыгерев өнерден айырылса да, махаббаттан айырыла алмайтынын айтып, көпшіліктен өздерін сынамауды сұрады. Ал Ерке Есмахан оқырманының сауалына жауап беріп, мәһрге не сұрағанын айтып берді.

    Мұсылманша некесін қидырған әншілер арада бірнеше күн өткенде Дубайға саяхатқа аттанды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.