jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жазира Байырбекова ұлының екі бөлмелі пәтер әпергенін айтты

    Жазира Байырбекова ұлымен
    Жазира Байырбекова ұлымен. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Отандық әнші Жазира Байырбекова тұңғыш ұлының өзіне пәтер сыйлағанын айтты. Өнер иесі ұлының кәсіп бастайтын қаражатына баспана алып бергені жайлы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Ұлым өзі біліп тұрса да, әр бастамасының алдында әкесі екеуімізбен ақылдасады. Біздің қарсы болмайтынымызды білсе де, батамызды алу мақсатында деп ойлаймын. Осындай кезекті кәсібін маған айтқанда "Өзің біл. Егер осы кәсібің саған бақыт әкеліп жатса, жасай бер. Жұмысым жүріп жатыр екен деп, тоқтамай істей бермей жан-жағыңа бір сәт қарап қой. Сосын қайта жалғастырасың" дедім. Сосын ұлым "Көңіл-күйіңіз жоқ қой. Анашым не істегіңіз, кімге көмектескіңіз келіп жүр" деп сұрады.

    Мен "Анама жеке үй дайындап, тыныш жерде жағдайын жасап, баптап отыратын уақыт келді" деп айттым. Осы бір ауыз сөзбен мені түсініп, екі күннің ішінде өзінің кәсіп бастағалы отырған ақшасына баспана алды. Оны әрлеп, екі апта ішінде мені мазалап жүрген мәселені реттеп берді.

    Баламның мен риза болатын басқа да ісі көп. Аллаға осындай саналы перзент бергені үшін сансыз шүкір деймін", - деп жазды Жазира Байырбекова.

    Естеріңізге сала кетейік, Жазира Байырбекова осыған дейін ұлын үйленуге асықтырмайтынын жеткізді.

    Жазира Байырбекова ұлының екі бөлмелі пәтер әпергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.