jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    KeshYou тобының экс-әншісі Назым Әбілдина сәбилі болды (фото)

    Әнші
    Назым Әбілдина. Фото: Instagram/nazym_abildina

    Бала күнінен көпшілікке тележүргізуші ретінде танылған әнші Назым Әбілдина сәбилі болды. Бұл туралы Назымның анасы Ғалия  Байбосынова Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің мәртебем өсті. Мен енді жап-жас апа болдым. Құттықтауларыңызға рақмет. Нося (Назым Әбілдина - ред.) ана болды", – деп жазды Ғалия Байбосынова.

    Айта кетейік, Назым Әбілдинаның өзі бұл жаңалыққа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

    Желі қолданушылары режиссердің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

    "Бауы берік болсын", "Құттықтаймын", "Ғұмырлы болсын", "Жаратқанның берері таусылмасын", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, Назым Әбілдина 2021 жылы тұрмысқа шыққан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.