jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық әнші Jah Khalib-тің Ресейде жоспарланған екі концерті өтпейтін болды

    Jah Khalib
    Jah Khalib. Фото: instagram.com/jahkhalib

    Осыдан бірнеше күн бұрын ресейлік депутат қазақстандық әнші Jah Khalib-тің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертіне тосқауыл қоюды ұсынған болатын. Бұл ақпаратты әртіс өнер көрсетуі тиіс орындардың басшылары мәлім еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Crocus City Hall концерттік алаңының бас директоры Роман Грачев Regnum ақпараттық агенттік тілшісіне Jah Khalib-тің (Бақтияр Мамедов - ред.) Мәскеудегі концерті өтпейтінін хабарлаған.

    Айта кетейік, қазақстандық әншінің Мәскеудегі кеші 23 сәуірге жоспарланған.

    Сонымен қатар қазақстандық әншінің Санкт-Петербургтегі кешінің өткізілмейтіні жайлы "М-1 Арена" ұйымдастырушылары мәлім еткен.

    "Концерт өтпейтін болды. Жаңа ғана алаң басшылығынан осындай тапсырма түсті", - деген ұйымдастырушылар басылымға.

    Естеріңізге сала кетейік, Jah Khalib-тің Санкт-Петербургтегі кеші 25 сәуірге жоспарланған.

    Айта кетейік, қазақстандық әншінің концертінің тоқтатылғаны жайлы ақпарат шыққан сәтте, "ЯндексАфиша" порталында Jah Khalib-тің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ән кешіне билет сатып алу қолжетімді болған.

    Қазақстандық әнші Jah Khalib-тің Ресейде жоспарланған екі концерті өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.