jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасованың тегін өзгертетіні рас па

    Әсел Сәдуақасова
    Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

    Күні кеше 38 жастағы актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шыққан болатын. Өнер иесі тұрмыс құрғаннан кейін күйеуінің тегіне өту жайлы ойланғанын Instagram желісінде айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушысының бірі актрисадан "Тұрмысқа шыққаннан кейін өз тегіңізді қалдырдыңыз ба?", - деп сұраған.

    Ал актриса әзірге өз тегінде қалғанын алайда болашақте тегіне өзгеріс енгізетінін ашып айтты.

    "Құдайым-ау, енді менің күйеуім бар. Осылай айтуды үнемі армандайтынмын.

    Тегімді әзірге қалдырдым. Бірақ болашақта тегімді ауыстырғым келеді. Әзірге шешілуі керек мәселелер бар", - деп жазды Әсел Сәдуақасова.

    Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды.

    Кейінірек актрисаның өзі бұл ақпаратты растап, сүйіктісін көпшілікке таныстырды.

    Әсел Сәдуақасова сторис
    Әсел Сәдуақасова сторис. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

    Тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасованың тегін өзгертетіні рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.