jitsu gif
Шоубиз

    "Тұрмысқа шықтыңыз ба": Ақбота Сейтмағамбет желідегі жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды (фото)

    Ақбота-Нұр
    Ақбота-Нұр. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

    Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде белгісіз ер адаммен қол ұстасқан суретін салып, көпшілікті қызықтырып қойды. Өнер иесі Instagram желісіне жариялаған суреті оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ақбота Сейтмағамбет көпшілікке бөліскен суретте, ақ көйлек киген.

    "Сенің қасыңда тыныштықтың өзінде көп мән бар", - деп жазды актриса.

    Ал желі қолданушылары Ақбота Сейтмағамбетті екінші рет тұрмысқа шықты деп болжап, оған ақ тілегін жаудырды.

    "Бақытың баянды болсын", "Бірінші күйеуіне қимаған едім осы қызды. Бақытты болсын", "Тұрмысқа шықтыңыз ба", "Әр адам бақытты болуға лайық", "Сіз үшін қуаныштымын", "Осы қыз расымен күйеуге шықты ма", "Не болса да, айтып өлтірсейші. Тұрмысқа шықтыңыз ба әлде фотосессия ма", "Кімге тұрмысқа шығып жатыр", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет көпшілікке осыған дейін де суреттегі белгісіз азаматпен түскен видеоларын бөліскен болатын. Алайда актриса ер адамның кім екенін әлі жария етпеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.